Ережелер



  1. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының«Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  1. Кәсіпорын Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйегіндегі № 58/03 «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің спорттық ұйымдарының атауын қайта атау туралы» қаулысымен сәйкес құрылған.
  2. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
  3. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  4. Кәсіпорынның толық атауы: Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
  5. Кәсіпорынның орналасқан жері: индексі 100000, Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі 45а;

Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден кейін құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның дербес балансы болады, заңнамаға сәйкес банктерде есепшоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның қазақша және орысша атауы жазылған мөрқағазы, мөрі болады.
  3. Кәсіпорын Қарағанды облысының әкімдігінің келісімімен басқа заңды тұлға құруға, құрылтайшы (қатысушы) ретінде қатыса алады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілдіктер және филиалдар құра алады.
  4. Кәсіпорынмен жасасқан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік және басқа да тіркеуден өтуге жататын азаматтық-құқықтық келісімдер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше қарастырылмаса тіркеуден өткен сәттен бастап жүргізіледі.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты мен нысанасы

  1. Кәсіпорын қызметінің нысанасы тәрбиеленушілердің дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыру, балалар, жеткіншектер және жастардың арасында олардың денсаулығын нығайту және дене шынықтыруды дамытуға бағытталған дене шынықтыру- сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
  2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:
  • спортпен жүйелі шұғылдануға балалар мен жасөспірімдерді тарту;
  • спорттың белгілі бір түріне балалардың қабілеттілігін анықтау;
  • адамгершілікке, қайраттылық және жігерлі болуға тәрбиелеу;
  1. Кәсіпорын алдына қойған мақсаттарын іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • тәрбиеленушілердің теория, әдістеме, спорт түрінің ережесі бойынша білім алуы, тазалық, қауіпсіздік техникасы саласындағы негізгі білімдері;
  • спорттық шеберлік деңгейін жоғарылатады;
  • тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір спорт түрлерінің нормативтік талаптарын (тесттар) орындауын қамтамасыз етеді;
  • спорт түрлері бойынша аудан, қала, облыс, республиканың құрама командаларына үміткерлерді дайындайды;
  • тәрбиеленушілердің спорттық ісшараларға қатысуын және дайындалуын қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының және облыстың құрама командалары үшін спорттық резервті дайындайды;
  • спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру ісшараларын өткізеді;
  • жүйелі тәрбиелік жұмыстарын жүргізеді;
  • оқу-жаттығу сабақтарын жыл бойына үздіксіз өткізу үшін жағдай жасайды.
  1. Оқу – жаттығу үрдісін ұйымдастыру, топтарды толықтыру, мемлекеттік мекеме құжаттары, Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі жөніндегі Агенттігінің 2012 жылғы 28 қыркүйегінде № 287 бұйрығымен бекітілген, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру Ережесімен жүргізіледі.
  2. Жарғыда бекітілген Кәсіпорын қызметінің мақсаты мен нысанына жауап бермейтiн қызметпен айналысуға, келісімдер жүргізуге құқығы жоқ.
  3. Кәсіпорынмен жасалған келісім Қазақстан Республикасының белгілі шектеулі заңдары немесе құрылтайшы құжаттары, не басшының жарғылық міндетінің бұзылуы мектеп қызметiнің мақсатына қайшы келген болса, «Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы»мемлекеттік мекемесі немесе Қарағанды облысының әкімдігі не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылады.Жарғыдан тыс кызметін жүзеге асыруға бағытталған Кәсіпорын басшысының іс әрекеті еңбек міндеттерін бұзушылық болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік жазаларын қолданады.