2020 жылдың 11- 20-шы мамыр аралығында Ұлы Отан соғысының 75- жылдығына және Әл-Фарабидің туғанына 1150-жыл толуына орай, біздің мектебіміз қашықтықта Қазақстан Республикасының және шет мемлекет елдерінің жеңіл атлетикадан оқытушы-жаттықтырушылары арасында орнынан ұзындыққа секіруден «Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан ОМБЖОРМ» КМҚК ашық біріншілікті өткізді. Жарысқа 7 мемлекеттер қатысты.
Олар: Армения, Болгария, Германия Ресей, Тәжікстан, Франция және Қазақстан елдері. Жалпы қатысушылар саны- 23 адам. Жеке біріншілікте ерлер арасында
І- орынды 2м.96 см нәтижесімен Ахметов Жандос (Қазақстан) иеленді,
ІІ-орынды 2м.93 см нәтижесімен Евгений Клеев(Қазақстан) және еки
ІІІ-орынды 2м.70 см нәтижесімен Вячеслав Муравьевпен (Германия) Размик Мкртчан (Армения) жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында
1 орынды 2м.53 см нәтижесимен Дзолба Оксана (Қазақстан),
2 орынды 2м.50 см нәтижесимен Кристина Пронженко (Тәжікстан),
3 орынды 2м. 46 см нәтижесімен Диляра Абуова (Қазақстан) жүлделерге иеленді.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы жалпы нәтижемен 10м 88см сенімді жеңіске жетті.
Олар: Жандос Ахметов, Евгений Клеев, Диляра Абуова және Оксана Дзолба. Жалпы нәтижесімен 9 м.21 см.
ІІ орынды Болгарияның құрама командасы: Тереза Маринова, Поли Митова, Пламен Нягин және Ивайло Лазаров. Жалпы нәтижесімен 8м.81см.
ІІІ орынды Тәжікстан құрама командасы: Джамшед Расулов, Гулом Аликулов,Кристина Пронженко және Муниса Мирзоева иеленді.
Атап айтсақ бұл жарысқа 2000 жылы Сидней қаласында (Аустралия) өткен үш қарқып секіруден Олимпиада чемпионы Болгариялық Тереза Маринова, сонымен қоса олимпиаданың екі дүркін чемпионы Владимир Муравьевтың жиені Вячеслав Муравьёвта қатысты.
Барлық қатысушыларға алғыс айтып, сәттілік және жеңіс тілейміз.