Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржановтың 100 жылдық мерейтойының құрметіне  Жеңіл атлетика манежіне Батырдың есімін беруіне байланысты салтанатты іс-шара өтті.

2019 жылдың қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Кеңес Одағының батыры Қазыбек Бейсенұлы Нұржановтың 100 жылдық мерейтойының құрметіне  Жеңіл атлетика манежіне Батырдың есімін беруіне байланысты салтанатты іс-шара өтті. Бұл салтанатты шараға Қарағанды облысының әкімшілігінен, облыстық ардагерлер ұйымынан, жас споршылар, Батырдың ұрпақтары мен туысқандары, арнайы сапқа тұрғызылған әскери формадағы Т. Бигельдинов атындағы мектептің оқушылары және т.б. қонақтар қатысты. Сол кезде меморалдық тақтаны орнату үшін, барлық келісу рәсімдері аяқталған, тек әкімшіліктің шешімін күтуде болғанбыз. 
Биылғы жылы мамыр айында Комиссаров көшесі 45а мекенжайы бойынша Қазыбек Нұржановтың мемориалдық тақтаны орнату жөніндегі өтініші қарастырылып, ресмі орнатуға рұқсат етілді. « Ердің ісіне-елдің құрметі» дегеніміз осы болмақ!

Автор записи: Админ Админ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *